Павлодарда екі көлік соқтығысып, бірінің жүргізушісі мерт болды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жол апаты орын алып, бір адам көз жұмды, екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 27 желтоқсанда сағат 19.30-да Химкомбинат көшесінде орын алған.

ВАЗ-21061 автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін жолдың қарсы бетіне шығып, Daimler-Benz автокөлігімен соқтығысты.

Салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, Daimler-Benz автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі мен 31 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полиция департаменті

Полиция көліктердің арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды