Қазақстан АҚШ-ты энергетикалық жобалар бойынша өтетін аукционға қатысуға шақырды

Сурет: pixabay
2018 жылдан 2021 жыл аралығында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға 1705 МВт шығарылды. Аталған кезеңде әлемнің 12 елінен 196 компания қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz

28 желтоқсанда ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы миссиясы басшысының орынбасары Джуди Куомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ЖЭК-ті дамыту, мұнай-газ кешенін дамытудың перспективалары, энергетикалық көшу және АЭС-ті салу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, Энергетика министрі 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында теңдікке, адал бәсекелестікке және ашықтыққа негізделген халықаралық аукциондық сауда-саттықтың ашық тетігі қолданылатынын айтып, америкалық тарапты 2022 жылы өтетін аукциондарға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, Джуди Куо ханым «Development Finance Cooperation» американдық дамуды қаржыландыру институтын құру туралы ақпаратпен бөлісіп, олардың АҚШ-тың ЖЭК саласындағы инвестицияларының негізгі бағыттарының бірінде Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде Қазақстанмен ынтымақтасуға қызығушылығы туралы хабарлады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды