ШҚО-да жеңгетайлықпен айналысып келген әйел ұсталды

Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері заңсыз еңбек және жыныстық қанаумен айналысып келгендер анықталып, құжатталды деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде заңсыз еңбек және жыныстық қанаумен, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға тартуға байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мұндай рейдтер барысында әдетте, жалдамалы пәтерлер, монша кешендері, қонақ үйлер тексеріледі.

Жыл басынан бері барлығы 3 факт анықталып, құжатталды. Ресми ақпарат бойынша, жезөкшелікпен айналысуға, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды тартудың бір фактісі және 24 жеңгетайлық фактісі анықталды. Мысалы, желтоқсан айының басында облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған, онда 20 жастан 35 жасқа дейін бес әйел анықталды, олар ақшалай сыйақыға интимдік қызмет көрсеткен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін. Статистика көрсеткендей, қыздардың көпшілігі “оңай ақша” табу үшін осындай қадамға барады және ІІМ есебіне қойылса да бұл оларды тоқтатпайды. ШҚО полиция департаменті

Бұдан басқа, полиция қызметкерлері күн сайын интернет-ресурстарды пайдалана отырып, интимдік қызмет көрсететін адамдарды анықтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Осы жылдың басынан бастап осындай 27 сайт бұғатталды, ал онда өз сауалнамаларын орналастырған тұлғалар есепке қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды