Сенатта жайылымдарды пайдалану туралы заң жобасы талқыланды

ҚР Парламенті сенатының баспасөз қызметі
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Парламент сенаты депутаттарының бастамасымен әзірленген бұл заң жобасы жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталып отыр. Жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы да қатысты.

Сенаторлардың өңірлерге барған сапарлары мен халықпен кездесулері барысында бірқатар елді мекендерде ауыл тұрғындарына жайылымдық жерлердің жетіспейтіні, қолда бар жерлердің тозуы және пайдаланылатын аумақта мал басын көбейтудің шектелуі мәселелері бірнеше рет көтерілді. Сенаторлардың бастамасымен жасалған өзгерістер – осы мәселелерді де реттеуге бағытталған.ҚР Парламенті сенатының баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі де мұның өзекті мәселе екенін айтты.

Мекеменің статистикасы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталатын 6,2 млн ауыл шаруашылығы малының басын шартты түрде жаю үшін 50 млн га жайылым қажет, яғни есептеулер бойынша жайылымдардың жетіспеушілігі 29 млн га құрайды.

ҚР Парламенті сенатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге қатысушылар, сондай-ақ Орта Азия елдеріндегі жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелері бойынша тәжірибесін қолданудың келешегін талқылады. Мысалы, заң жобасында жайылымдарды басқарудың институционалдық негіздерін қайта қарау, атап айтқанда, аудандардағы жергілікті атқарушы органдарынан жайылымдарды пайдалану мәселелерін шешу жөніндегі құзыретті ауылдардың, ауылдық округтердің және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беру көзделіп отыр.

Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды