Ақтаулық тұрғын көршісіне шығарылған сот үкіміне қанағаттанбады

Сурет: pixabay
Көршісі зиянкестерді улаймын деп, дәрі сеуіп, салдарынан әйелі мен қызынан айырылған Ақтау тұрғыны сот үкіміне қанағаттанбады, деп хабарлайды Zakon.kz

Көршісі жәндіктерді улағаннан кейін, әйелі мен қызы қайтыс болған Ақтау тұрғыны сот шығарған үкімге қанағаттанбады. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі аталған іс бойынша егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Lada.kz-тің хабарлауынша, 2 шағынауданның тұрғыны өз пәтерінде "Квикфос" препаратымен дезинфекция жүргізеді. Алайда ол қауіпсіздік талаптарын елемеген, көршілеріне бұл туралы ескертпеген.

Салдарынан көрші пәтерде тұратын әйел мен қыз уланып қайтыс болды.

Бірінші сатыдағы соттың үкімімен әйел кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Моральдық залал ретінде одан үш миллион теңге өндірілді.

Алайда қаза тапқандардың күйеуі апелляциялық шағым түсіріп, онда 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алуды сұраған. Себебі ол сотталушыдан әлі ешқандай төлем алмағанын айтты.

Өткен аптада апелляциялық алқа оның шағымын қарап шығып, іске қатысты жаңа мән-жайлар анықталмағандықтан, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды