Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын бастады

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрамында Президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter арқылы демонстранттарды диалогқа дайын болуға шақырды.

Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуы тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ ол Республикалық оперативтік штаб құрылғанын жеткізді.

Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады.

Еске салсақ, Жаңаөзен тұрғындары өңірдегі сұйытылған газ бағасының қымбаттауына наразылығын білдіргені еді. Бағаның көтерілу себебін Энергетика министрлігі түсіндірді.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды