Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз іздестіріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
26 жастағы Аида Таутекованың жоғалғандығы туралы көкшетаулық әпкесі хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz

Әпкесінің айтуынша, қыз 3 қаңтар күні сағат 15:00-де үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Туыстарының сипаттауынша, қыздың бойы 165-170 см, шашы ұзын, қоңыр.

Оның үстінде қара күртеше, аяғында қара бәтіңке, сұр түсті бас киімі мен шарфы болған. Сондай-ақ қара түсті былғары сөмкесі мен мобильді телефоны болған.

Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Аида Таутекованы көрген-білгендер болса, дереу Ақмола облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына мына нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7162) 29-93-72, 8-707-255-59- 35 немесе "102".

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды