Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр

Сурет: primeminister.kz
Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері сұйытылған газ бағасын арзандатуды талап еткен белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

 primeminister.kz сайтында жазылғандай, келіссөзге қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр.

Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр құрған үкіметтік комиссия Ақтауда өңірдегі мәселені шешуге қатысты жұмыс жүргізіп жатыр.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды