Маңғыстау облысының коменданты маңғыстаулықтарға үндеу жолдады

Сурет: видеодан кадр
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау халқына видеоүндеу жолдады деп, хабарлайды Zakon.kz

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевты мемлекет басшысы Маңғыстау облысының коменданты етіп тағайындаған еді.

Маңғыстау облысының коменданты видеоүндеуінде енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды.

"Біздің облысымызда ерекше құқықтық режим белгіленген төтенше жағдай енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен мен, Маңғыстау облысы полиция депратаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау облысының коменданты болып тағайындалдым.

Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты – тиісті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондай-ақ азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай кезінде бірқатар уақытша шектеулер енгізілді. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін жасалады. Сіздерден арандатушылықтарға және тәртіп бұзушылықтарға жол бермеулеріңізді сұраймын," –деді ол.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды