Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы қайтыс болды

Сурет: gov.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды растады, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы ПД бастығы Жанат Сүлейменовтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар тарады.

ҚР ІІМ бұл ақпаратты растады. Қазаның себебі айтылмайды.

Жанат Сүлейменов 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап жұмыс істейді.

Әр жылдары Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының полиция департаменттерін басқарды. Жамбыл облысының полиция бастығы лауазымына 2020 жылдың ақпан айында тағайындалған еді.

"Ерлігі үшін" медалімен және ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды