Жамбыл облысында 300-ге жуық адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 288 адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оның 13-і уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Шұғыл штабы.

ТЖ режимін бұзғаны үшін 114 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы, 1-бөлігі, 10-тармағы бойынша "коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оған сәйкес ескерту жасалады немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады не болмаса, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Сот санкциясымен 108 адам әкімшілік қамауға алынды.

Өткізілген рейдтік іс-шаралар кезінде 34 дана қару мен 43 оқ-дәрі тәркіленді. Тәркіленген қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.ҚР ІІМ Шұғыл штабы
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды