ШҚО-да автогаз бағасын 60 теңгеден асырмау туралы шешім қабылданды

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмәділовтың төрағалығымен сұйытылған газ бағасын төмендету жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар реформаларды жариялаған үндеу жасады. Мемлекет басшысы ұсынған даму бағдарламасы әрбір қазақстандықтың және жалпы елдің тағдырына қатысты көптеген мәселелерге бағытталған.

Сұйытылған газ бағасын арзандату бойынша өткізілген жиналысқа Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Набиев Ринат және газ тасымалдаушы ұйым өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында басқарма басшысы Алмат Ақышов жаңа баға саясаты бойынша толық түсініктеме беріп, сұрақтарға жауап берді.

Жиын соңында барлық тараптар облыс көлемінде автокөлік газ бағасын 60 теңгеден (шалғай аудандарда 65 теңге) асырмау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, аталған баға 180 күнге дейін сақталады.

Қазақстан
Ахметов Даниал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды