Президент еліміздің бірқатар өңіріндегі төтенше жағдай режимінің күшін жойды

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі төтенше жағдай режимінің күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Осы негіздегі Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Құжатта былай делінген:

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

 Сондай-ақ 13 қаңтардан бастап Павлодар облысы мен СҚО-да төтенше жағдай режимінің күші жойылды.  

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Павлодар
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды