ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы ауысты

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы болып Нұрлан Кәрібжанов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл қызметті атқарып келген Марат Ирменов Алматы қаласының ҰҚК департамент басшысы болып ауысты. Бұл туралы өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында айтылды.

Н.Қалқаманұлы бұған дейін ҰҚК-нің орталық аппаратында департамент басшысы лауазымын атқарған. Сондай-ақ, ол 2011 – 2016 жылдары ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департамент бастығы болып еңбек еткен.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  жаңа басшыны  таныстырып, артылатын сенім мен жүктелген міндет жүгі ауыр екенін баса айтты.

Аймақ басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірдегі тұрақтылықты, тұрғындардың қауіпсіздігін, тыныштығын қамтамасыз ету ең басты мәселе екенін жеткізді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды