Алматыда қаруын қоқыс жәшігіне тығып қойған ер адам ұсталды

Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы 
Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы аталған қылмысты Әуезов ауданының полиция қызметкерлері анықтағанын жазды.

И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқан, сонымен қатар ірі қару дүкенін тонап, одан 10 патроны бар “BrowntnG” тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен.

Қаскөй мылтықты бесінші ықшамаудандағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне тығып қойған. Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып, мылтық жасырынған жерге келген. Көлік жүргізушісі жолаушының теледидар жәшігіне қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған.

Тұтқындау кезінде И. есімді ер адам әскери киімде болған. Оны қайдан алғанын тергеу анықтайтын болады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қаласының комендатурасы тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы және қалада құқықтық тәртіпті орнатуға көмектескені үшін алғысын білдіреді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды