Атыраулық тұрғын алаяққа 800 мың теңгесін бере салған

Сурет: Zakon.kz
Атырау тұрғыны пәтер алып беремін деген алаяққа 800 мың теңгесін беріп, сан соғып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Атырау қалалық полиция басқармасына 38 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өткен жылы үш бөлмелі пәтер алып беремін деген әйелге 800 мың теңгесін берген, алайда әйел оған үй де алып бермеген, ақшасын да қайтармаған.

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде 33 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды