«Ақбұлақ» ықшам ауданында оқ жаудырған ер адамның қамауға алу мерзімі ұзартылды

Сурет: Zakon.kz
"Ақбұлақ" ықшам ауданында оқ жаудырған алматылық Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі 20 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу сотының қаулысына сәйкес, прокурордың өтініші қанағаттандырылды. Азамат Д.-ны күзетпен ұстау мерзімін бір айға, яғни 2022 жылғы 20 ақпанға дейін ұзартуға санкция беру бұйырылды. Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынұлы

20 қыркүйекте Алматы қаласының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында 54 жастағы Дужнов айналасына оқ жаудырды. Салдарынан бес адам мерт болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полиция қызметкері және екі азаматтық қызметкер бар. Азаматтардың бірі - үйдің жаңа қожайыны, екіншісі оның танысы екені белгілі.

"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуылдау" баптары бойынша тергеу басталды.

Кісі өлтіргені үшін ер адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды