Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Президенттер келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Қазақстан
Мирзиёев Шавкат
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды