Алматы облысында ломбард тонаған екеу ұсталды

Сурет: Instagram/police_almobl
Алматы облысының полиция қызметкерлері бір миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстағы базарлардың біріндегі ломбард қожайыны 19 қаңтарда Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне арызданды. Ол 1 000 000 теңге сомасындағы алтын зергерлік бұйымдардың ұрланғанын жеткізді.

Оның айтуынша, есік бұзылған, ұрлық 2021 жылдың 31 желтоқсанынан 2022 жылғы 6 қаңтар аралығында жасалған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із кесушілер бір тәулік ішінде бұрын ұрлық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 28 жастағы Қарасай ауданының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі ұсынылған дәлелдерден соң 6 қаңтарға қараған түні ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған заттарды шығарды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Жәбірленуші полицейлерге құқық бұзушыларды тез ауыздықтағандары үшін алғыс білдірді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды