ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу Қағидалары бекітілді

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрінің №7 бұйрығымен 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу Қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ведомство 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеудің объективті тәсілдерін әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың пікірі ескерілгенін атап өтті.

"Қағидалар 2022 жылғы 18 және 24 қаңтарда жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктердің салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия бекіткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу механизміне негізделген. Кәсіпкерлерден келтірілген залалдың бұрын-соңды болмаған ауқымдылығына, кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігінде келтірілген залалды растайтын қажетті құжаттардың жоқтығына байланысты объективті қиындықтарды түсінуді сұраймыз", – министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ үкімет кәсіпкерлердің қызметін қалпына келтіру үшін келтірілген залалды тез арада өтеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқаны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды