Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады

Сурет: pixabay
Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласы ПД басшысы Қанат Таймерденовтың баяндамасында атап өтілгендей, бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяғына жеткізіледі.  

Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі салынады. 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарланған.  

3 843 дана жол белгілері орнатылып, қалыпқа келтіріледі. Апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауы, 2 мың дана арнайы бағандар орнатылады. 

Веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау қолға алынып жатыр, деп сөзін қорытындылайды Қанат Таймерденов.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды