Қаңтар оқиғасы кезінде шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 млн теңге болатын өтемақы алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі өңірлік комиссиялар кәсіпкерлерден түскен өтінімдерді қарап жатыр.

Биылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша «InfoKazakhstan.kz» электрондық платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім берілді.

Алматы қаласында сараптамаларды жедел жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істеп жатыр, 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылды.

Өңірлік комиссиялардың жұмысы аясында оң шешімдер қабылданды, алғашқы өтемақылар өтініш білдірген бизнесмендердің есеп шоттарына аударылды. Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет бизнестің қызметін қалпына келтіру мақсатында оларға келтірілген залалды жедел өтеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды