Түркістан облысында "жер алып беремін" деп танысын алдаған тұрғын ұсталды

Сурет: pixabay
Түркістан облысының полицейлері жер алып беремін деп танысын алдап келген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Түлкібас ауданы ПБ-ға Алматы қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, сырттай танысы Түлкібас ауданынан 10 соттық жер алып беремін деп сеніміне кіріп, 2 500 000 теңгеге жуық ақшасын алғанын көрсеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Түлкібастық сақшылар хабар алысымен күдіктіні іздеуге бірден кірісті. Іздестіру кезінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды. Полицейлер істің ақ-қарасын ажырату мақсатында күдікті ер адамды Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен ұстап, ПБ-ға жеткізді. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бейтаныс адамдарға үлкен мөлшердегі ақшаны сеніп тапсырмау қажеттігін ескертеді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды