Бейтаныс қызбен түн өткізген елордалық ер адам 1,5 долларынан айырылды

Сурет: pixabay
Бейтаныс бойжеткенге тоналған 32 жастағы ер адам елорда полициясына шағымданды. Ұрланған сома 1500 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналықтың айтуынша, ол түнгі уақытта достарымен бірге караоке-барға көңіл көтеруге барған. Ішімдік ішкен ер адам сол арада бір бойжеткенмен танысып,оны қонақ үйге шақырады.

Қонақ үйде ер адам ұйқыға кеткенде қыз оның әмиянынан ақшасын алып, қашып кеткен.

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасағанын мойындаған 22 жастағы қызды ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу қолға алынды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды