Алматыда түнде дүкен тонағандар видеоға түсіп қалды

Сурет: Zakon.kz
Түнде Панфилов пен Мәметова көшелерінің қиылысындағы дүкен тоналды, деп хабарлайды Zakon.kz

Орын алған қылмыс бейнебақылау камераларына анық түскен. Екі жігіт алдымен есікті жұлқылап, оны күшпен ашуға тырысады, бірақ онысынан түк шықпаған соң кірпішпен есік әйнегін сындырып, ішке кіреді.

Ұрлық орын алғаны туралы қоңырау келіп түсті. Алмалы аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанып, алғашқы материалдар жиналды, оқиға орны жіті тексеріліп, зерттелді. Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілерді ұстау – уақыт еншісінде. Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды