Сенат халықаралық шарттар жасау тәртібін реттейтін Заңды қабылдады

Сурет: ҚР парламент сенатының баспасөз қызметі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл заңға Парламент депутаттары бастамашы болды.

Заң халықаралық шарттарға қатысты заңнамадағы олқылықтар мен нормалардың қайшылығын жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онда "дәйектеу", "халықаралық шарт жасасу", "қол қою" және "өкілеттіктер" ұғымдары нақты анықталған. Егер халықаралық шартқа өзі қол қойса не халықаралық шартқа қол қоюға өкілеттік басқа лауазымды адамға берілсе, Қазақстан Республикасының Президентіне халықаралық шартқа қол қоюға өкілеттік берудің қажеттілігі жоқ екендігін көрсететін норма жазылады.

Қабылданған заң халықаралық шарттарды жасасу тәртібінің жекелеген ережелерін нақтылайды. Сондай-ақ, халықаралық шарттарды жасасу аясында тиісті рәсімдерді жетілдіруді көздейді.Мәулен Әшімбаев
Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды