Сенатта тұрғын үйге мұқтаж полицейлердің мәселесі сөз болды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы ала алатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізімін кеңейту қажет. Сенатор Нұрлан Бекназаров Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Ішкі істер органдарының ведомстволық тұрғын үй қоры жоқ. Сондықтан Ішкі істер министрлігі қызметкерлерге тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы төлеумен шектеледі. Алайда бұл төлемдерді барлық қызметкер ала алмайды. Өйткені тұрғын үй төлемдерін алу үшін қызметкерлердің жекелеген санаттарының тізбесін Үкімет айқындайды. Соған байланысты бүгінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің 28 пайызға жуығы баспанаға мұқтаж.Сенатор Нұрлан Бекназаров

Депутаттың айтуынша, бұл проблема кадрлардың тұрақтамауына, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысқа деген жауапкершілігі мен ынтасының төмендеуіне тікелей әсер етеді.

Сенатор осы мәселелерді шешу үшін Премьер-министрден тиісті, қажет болса қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап ететін шаралар қабылдауды сұрады.

Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды