Әдеп жөніндегі кеңес Оралдағы ТКШ бастығының орынбасарын жұмыстан босатуды ұсынды

Сурет: Zakon.kz
Дауыс беру арқылы Орал қаласының әкіміне Ербол Арыстанғалиевты қызметінен босатуды ұсыну туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, 2021 жылдың тамыз айында Зашаған қаласындағы "Мақпал" мекемесінде үйлену тойы өткен. Мониторинг тобының мүшелері - Зашаған қаласының әкімі Аққали Аубекеров пен әкімдіктің маманы Жігер Батыров сол араға барып, Арыстанғалиевтың балдызының үйлену тойы өтіп жатқанын анықтады.

Мониторингтік топ мүшелері іс материалдарын толтырмаған, полиция мен санэпидбақылау департаментінің қызметкерлерін шақырмаған. Осыған байланысты шенеуніктердің үстінен, тіпті қылмыстық іс қозғалған, бірақ қылмыс құрамының болмауына байланысты ол жабылып, материалдар мемлекеттік қызмет істері департаментіне берілді.

Әдеп жөніндегі кеңесте Батыров пен Аубекеровтың қызметіне сай еместігі туралы ұсынысты қала әкімдігіне жолдау туралы шешім қабылданды.

Отырыста Арыстанғалиев өз кінәсін мойындады.

Бұл іс бойынша тағы екі мемлекеттік қызметкер жазаланатыны нақтыланады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды