Елордада жаппай жол апатына түрткі болған BMW оқиға орнынан қашуға тырысты

Сурет: Zakon.kz
5 ақпанда сағат 21:00-де жол апаты орын алып, салдарынан жеті адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

BMW жүргізушісі Нұрғиса Тілендиев даңғылы бойымен Баршын көшесі қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты.

Ауыр соққы салдарынан BMW қасынан өтіп бара жатқан KIA Rio-ны соғып, екеуі жолдың қарсы бетіне ұшады, сол кезде Kia Rio "Ладаға" соқтығысады.

BMW жүргізушісі оқиға орнынан қашуға тырысып, бар екпінімен Тoyota-ға тағы да соқтылады.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан медициналық мекемелерге түрлі дене жарақаттарымен жеті адам жеткізілді, олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Куәландыру бойынша BMW маркалы автокөлігінің жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Құқық бұзушының автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды