Досаев пен Бозымбаевқа «Алтын орда» базарының жұмысын реттеу тапсырылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге екі айдың ішінде «Алтын орда» базарының жұмысын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы мен оның төңірегінде тұратын 3 миллион адамның басым бөлігі тұтыну тауарларын «Алтын Орда» базарынан алады. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктеріне үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз май шелпекке айналды. Бұған Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент әкімдерге бұл жұмысты атқаруға екі ай уақыт берді. Қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарын жұмылдыруды тапсырды.

Бұл мәселе басқа аймақтарға да қатысты. Қажет болса, бұл іске құқық қорғау органдары аралассын. Екі ай уақыт беремін.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Бозымбаев Қанат
Досаев Ерболат
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды