Тоқаев қаңтар қасіреті туралы: Халықаралық лаңкестердің мұқият дайындалған операциясы

Сурет: Ақорда
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуінде қаңтар оқиғасы Қазақстанға шабуыл жасаған халықаралық лаңкестердің, қарақшылардың мұқият дайындалған операциясы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы Ресей басшысына Мәскеуге шақырғанына алғысын білдірді.

Бұл – жаңа жылдан кейінгі және, өкінішке қарай, елімізде орын алған қайғылы оқиғалардан кейінгі бірінші сапар. Бұл, ең алдымен, конституциялық құрылысқа нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатында Қазақстанға шабуыл жасаған халықаралық лаңкестердің, бүлікшілердің мұқият дайындалған операциясы болды.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР мемлекет басшысы қаңтар қасіретіне қатысты «тергеу жүріп жатқанын, алғашқы нәтижелер шыққанын» атап өтті.

Өкінішке қарай, құрбан болғандар көп болды, осыған алаңдаймын, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Әрбір іс тергеліп жатыр. Әрине, кінәлілер жазасын алады.Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев ҰҚШҰ бітімгерлік контингентіне де тоқталды.

Бітімгерлік контингент тылды қамтамасыз етуде, былайша айтқанда, стратегиялық нысандарды қорғауда және Қазақстанды құрбан етіп таңдаған лаңкестер мен бүлікшілерді психологиялық тұрғыдан сес көрсетуде маңызды рөл атқарды.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Кремльде Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөзі басталғанын хабарлаған едік.

Қазақстан
Ресей
Путин Владимир
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды