Қызылорда облысының әкімі қаңтар оқиғалары кезінде қолға түсіп қала жаздаған

Сурет: primeminister.kz
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова қаңтар айындағы оқиғалар кезінде агрессивті топтың қолына түсіп қала жаздаған. Оны полиция құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қызылорда облысының полициясы қаңтар оқиғаларының хронологиясын алға тартты.

Жиналғандар алдына облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова шықты. Бірақ оны тыңдаған ешкім болмады. Адамдар балағат сөздер айтып, өздерін агрессивті ұстады. Олар оны қоршап алған кезде полиция көмекке жетіп, әкімді ол арадан алып кетті. Қызылорда облысының полициясы

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 5-6 қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында адамдар 17 мемлекеттік мекеме мен 21 жекеменшік нысанға шабуыл жасаған. 65 көлік өртенді, 80-і бүлінді және екеуі ұрланды. 58 полицей мен 52 сарбаз жарақат алды. Облыстық медициналық орталықтың мәйітханасынан алты адам ұрланған.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды