Павлодар облысында көлік тізгініндегі мас жасөспірім ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Кәмелетке толмаған жүргізуші Тереңкөл ауданының Ивановка ауылында болған рейд барысында ұсталды. Жас жігіт түнде "ВАЗ 21093" маркалы көлікті тізгіндеген, деп хабарлайды Zakon.kz

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов атап өткендей, жасөспіріммен әңгімелесу кезінде полицейлер алкогольдің өткір иісін сезіп, медициналық тексеруден өткізді. Куәландыру жүргізушінің мас күйде екенін растады.

Аталған фактіге сәйкес, кәмелетке толмаған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды.

Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі – әкесіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Кәрімов.
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды