Министр жалдамалы баспанаға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР ИИДМ соңғы 3 жылдағы жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру статистикасының дұрыстығын тексереді. Деректерді тексеру шараларын биыл сәуір айына қарай аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ пайдалануға берілген көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің барлығын тексеруді жоспарлап отыр. Ақпан айының соңына дейін әкімдіктер тиісті объектілердің тізімін жасайды. Наурыз айының соңына дейін статистика және әділет органдарының деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ басшысы деректер сәйкес келмеген жағдайда, ведомство тиісті ұсынымдар әзірлеп, шешімдер қабылдайтынын атап өтті.

Қайырбек Өскенбаев премьер-министрге жалдамалы баспананы субсидиялауға өтінімдер қабылдау бойынша цифрлық платформаны іске қосуға қатысты мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы да хабарлады. Министрдің айтуынша, жоба 15 наурыздан бастап пилоттық режимде іске қосылады.

Платформа электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтінім беруді және өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Әділет министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек министрліктердің мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау арқылы іске асырылады. Өтінімдерді қабылдауды 5 сәуірден бастауды жоспарлап отырмыз.Министр
Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды