Түркістанда қару-жарақты заңсыз ұстаған екі ер адам ұсталды

Сурет: ТО ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Созақ ауданының оқ-дәрілер мен қару жасырған 2 бірдей тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz
Ұсталған азаматтар Созақ ауданының тұрғындары болып шықты. Түркістан тәртіп сақшылары ер азаматтардың бірінің үйін тіркелмеген «АК-47» маркалы автоматын, 8 дана оқ-дәрі, 2 дана тир мылтығын, 16 калибрлі 2 ұңғылы аңшы мылтығын, 1 дана электро ток таратқыш құрылғыны, 2 дана 16 калибрлі атылған оқ гилзасын тәркіледі. ТО ПД баспасөз қызметі

ТО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, екінші күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде қосымша тағы да оқ-дәрі айғақты зат ретінде алынған.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің қандай мақсатта қару ұстағанын анықтауда.ТО ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысының полицейлері тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау, өткізу мен алып жүру үшін 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды