Президент қаңтар оқиғаларын тергеп-тексеру жайында: Бұл өте жауапты іс

Сурет: akorda.kz
Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғаларды тергеп-тексерудің алдын ала нәтижелеріне қатысты мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір өте ауқымды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бас прокуратура нақты ақпаратты жүйелі түрде жариялап жатыр. Қандай да нәтиже туралы айтуға әлі ерте. Бұл – өте күрделі мәселе. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп жатыр. Өйткені, бұл өте жауапты іс болғандықтан біраз уақыт керек.

Көп ұзамай халқымызды мазалап отырған сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Бәрі де айтылады. Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Қазір тек мына нәрсені ғана айта аламын. Бұл біздің халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп болды. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды