Бахрейннен адам саудасына қатысты тағы бір күдікті экстрадицияланды

Сурет: Zakon.kz
18 ақпанда Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бахрейн Корольдігінен 1989 жылы туылған ҚР азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz
Ол Бахрейн Корольдігінде жыныстық қанау мақсатында ҚР кәмелетке толмаған азаматшасын сатты деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Құзырлы ведомства мәліметінше, Қазақстан мен Бахрейн Корольдігі арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмаған жағдайда, Бас прокуратура Бахрейн тарапымен айыпталушыны экстрадициялау туралы уағдаластыққа халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Айта кету керек, аталған қылмысқа қатысы бар бірқатар адамдар бұрын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

БАЭ
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды