ПД қоймасынан ұрланған үш автомат Тараз кафелерінің бірінің шатырынан табылды

Сурет: Instagram/zhambyl_police
Жамбыл облысы полиция департаментінің қоймасынан ұрланған үш автомат Тараз кафелерінің бірінің шатырынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық ПД хабарлағандай, 18 ақпанда полиция қызметкерлері Тараздың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамның айтуынша, ол бұрын жұмыс істеген кафенің шатырында атыс қаруы сақталған.

Оқиға орнына келген полицейлер полиция департаментінің қоймасынан ұрланған үш "Ақсу-74" автоматын тауып, тәркіледі. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 287-бабы (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін ұрланған 237 атыс қаруы, сондай-ақ 67 гранат пен 10 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды