Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауды жіті қадағалап отыр – Берік Уәли

Сурет: Берік Уәли
Бүгін Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев мемлекет басшысына азаматтарымызды елге жеткізу үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. Жалпы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің, елшіліктер қызметкерлерінің және Қазақстанның Украина мен Польшадағы құрметті консулдарының түрлі қиындықтарға қарамай, атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалайды.

Қазір ҚР Үкіметі Катовице (Польша) – Атырау – Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады. Қазақстан азаматтарын елге жеткізетін бірінші рейс бүгінге жоспарланған.

Азаматтарымызды Украинадан алып келуге қатысты мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында.Берік Уәли
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды