ШҚО колониясында сотталған әйелдер ерекше шоу ұйымдастырды

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ШҚО әйелдер колониясында "Маска" шоуы өтті. Сұр қасқыр, Қызыл телпек, әже, медуза, Мики маус түріндегі қызықты бейнелерді сотталғандардың өздері ойлап тауып, барлық костюмдерді қолда бар материалдардан арнайы тігіп киді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемеде бес жасақ бар, онда 40 сотталған әйелден бар. Шоуға қатысу үшін әйелдер әр жасақтан бір кейіпкерден таңдап дайындалды. Шара шарты бойынша колонияның қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасының мүшелері бетперденің арғы жағындағы жұмбақ сотталған әйелді дөп басып, табуы керек.

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Айта кетелік, іс-шараны тамашалауға Жарма ауданының әкімі, прокурор және "Атамекен"ҰКП өкілі де келді. Алғаш рет темір тордың ар жағындағы сотталған әйелдерді Жарма ауданының әкімі құттықтады. Ол барлық сотталған әйелдерге жеке сыйлық пен гүл таратты.

Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері колонияның аумағын аралап, сотталғандардың ұсталу жағдайларын тексерді.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды