Атырауда мектепке «бомба» қойылғаны туралы жалған ақпарат таратушы іздестірілуде

Сурет: pixabay
Атырауда «мектепке жарылғыш зат қойылды» деп елді дүрліктірген жалған террорист іздестіріліп жатыр. Ол хабарламаны мектептің электронды почтасына жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

astanatv.kz сайтының жазуынша, бұл жағдай Авангард ықшам ауданындағы мектептердің бірінде тіркелген. Екінші сабаққа кірген мұғалімдер мен оқушылар дереу сыртқа шығарылды. Полиция жарылғыш затты іздестірді, ал балалар ауа-райының қолайсыздығына байланысты үйіне қайтарылды.

Полицейлер 1300- ге жуық мектеп оқушылары мен қызметкерлерін эквакуациялады. Сондай-ақ мектепте ешқандай жарылғыштың жоқ екендігін анықтады. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігінің ресми парақшасына осындай хабарлама таратқан тұлғаны анықтау жұмыстары жүргізілуде. Мейірім Ердәулет Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Айта кетерлігі, бірнеше күн бұрын мектепте бомба бар деп хабарлаған Атыраудың тағы бір тұрғыны ұсталған еді.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды