Бас Прокурор: Іс-әрекеттердің түпкі мақсаты билікті күштеп басып алу болды

Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс отырысында ҚР бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеудің барысы туралы айтты. Оның сөзінше, акциялардың түпкі мақсаты билікті күшпен басып алу болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сол кезде Қазақстанның аумақтық тұтастығына қауіп төніп тұрды. Біз мемлекеттілікті жоғалтуымыз мүмкін еді, - деді Берік Асылов.

Сонымен қатар бас прокурор Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау пен билікті басып алуға тырысу бойынша 15 істі қарап жатқанын хабарлады.

Бұл істер бойынша комитеттің бұрынғы басшысы Мәсімов пен оның үш орынбасары сот шешімімен қамауға алынды. Бұл органның тағы екі басшысы билігін асыра пайдаланды деген күдікпен жауапқа тартылды. ҰҚК істері аса құпия санатқа жатқызылды, - деп түйіндеді ол.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды