ШҚО полицейлері өскемендік тұрғыннан қару-жарақ арсеналын тәркіледі

Сурет: Instagram/eastkazpolice
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аймақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы гараждардың бірінде қоймаға жасырылған қару-жарақ арсеналын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту кезінде 7,62 мм калибрлі «ТТ» маркілі жауынгерлік тапанша; дәл сол тапаншада қосымша болған 9 мм-ден атуға арналған қолдан жасалған ауыстырылатын ұңғы; «ИЖ-18» маркілі шолақ мылтық; әртүрлі, оның ішінде тиісінше 5.45, 7.62 және 9 мм калибрлі 450 данадан астам мөлшерде оқ-дәрілер тәркіленді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қарулардың жағдайы жақсы және атуға толық жарамды. ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов

Аталған факті бойынша 47 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды