Қарағанды облысында ит талаған екі баланың бірі көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілді. Кейін үш жасар ұл бала алған ауыр жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 1 сәуірде Ақтоғай ауылында орын алды. Ит үш және бес жастағы екі баланы талап тастаған, деп хабарлады Қарағанды облысы ПД.

Полицияға сағат 19:00 шамасында қоңырау келіп түсті. Полиция жеке үйдің ауласында ойнап жүргенде екі балаға байлаусыз қалған иттің шабуылдағанын анықтады.

Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді, сол арада үш жасар бала алған ауыр жарақатынан қайтыс болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек Ақтоғай ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды