Нұр-Сұлтанда көлік тонаушылар ұсталды

Сурет: pexels
Олар елордада бір түн ішінде екі көлікті тонаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлігі тоналғандар Байқоңыр аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне көмек сұрап жүгінді.

Олардың бірінің айтуынша, 5 мамырда түнде белгісіз біреулер үйдің ауласында тұрған Lexus көлігінің барлық дөңгелегін шешіп алып кеткен. Көлік иесінің айтуынша, келтірілген залал көлемі - 600 мың теңге.

Екінші жәбірленуші - Audi иесі сол түні ұрылар көлігінің салонына түсіп, құны 50 мың теңге болатын JVC автомагнитоласын ұрлап кеткенін айтып, шағымданды.

Ізкесушілер осы ұрлыққа қатысты 19 және 24 жастағы күдіктілерді ұстады.

Біреуіне қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қолданылып, Нұр-Сұлтан қалалық ПД УҰИ-ға қамалды. Қазіргі уақытта күдіктілердің астана аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды