Министр ақылы жолдармен жүру бағасына қатысты түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ақылы жолдардағы баға көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жолдарды күтіп ұстау, салу және қайта жаңарту – өте күрделі жұмыс. Біз салған нәрсені күтіп ұстауымыз керек. Сондықтан жолдар ақылы болып жатыр. Ақша соған жұмсалады. Қайырбек Өскенбаев

Бұл ретте министр сапасы нашар жолдарға алым енгізілмейтінін атап өтті.

Стандартқа сай келмейтін жолдарға ешкім ақша талап етпейді. Ең қызығы, жүк көлігі жүргізушілері осы жолдармен жүреді. Бірнеше жыл бұрын бағаны көтеру мәселесі сөз болғанымен, жолдардың сапасы талапқа сай келмейтіндіктен, мәселе алынып тасталды. Ал жолдың бағасын көтеру жайы айтылып жатқан жоқ.Қайырбек Өскенбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды