Президентке «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жұмысы мен жоспары туралы айтылды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестік жанынан жалпыұлттық референдум өткізуді қолдау жөніндегі штаб құрылған.

Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, штабтың жұмысы екі бағытта жүргізіліп жатыр. Бірінші, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-мағынасын түсіндіру. Екінші бағыт референдумға белсенді түрде қатысу мәселесін қамтиды.

Сонымен қатар ертең, 20 мамыр күні өтетін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс съезінің күн тәртібі туралы баяндалды.

Кездесуде «Ардагерлер ұйымын» дамыту туралы бірнеше ұсынысқа Президент қолдау білдіріп, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беретінін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды