Алматы әкімі мүгедектігі бар тұрғындар жерүсті өткелдерін қашан пайдалана алатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Жақында Алматының мүгедектігі бар тұрғындары мен қонақтары жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін толықтай пайдалана алады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде Ерболат Досаев 2022 жылдың басында Алматыда мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімді болу мәселесін шешуге арналған тиісті жоспар бекітілгенін айтты.

Наурызбай ауданы бойынша 25 учаскені бейімдеу, жөндеу жоспары бар. Оның ішінде, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жұмыс істемейтін лифтілер алаңдатады. 2022 жылдың шілдесінде үш жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің күрделі жөндеуі аяқталады. Қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған лифттер де жөнделеді.Алматы әкімі Ерболат Досаев
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды