Президент биологиялық қауіпсіздік туралы заңға қол қойды

Сурет: biosafety.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Аталған заң жобасын Мәжіліс 2021 жылы желтоқсан айында мақұлдап, қажетті өзгерістер мен түзетулерді енгізген болатын.

Заң жобасының негізгі тұжырымдамасы биологиялық қатерлерді ерте анықтау және олардың алдын алу болып табылады. Негізгі Заң жобасы 8 тарау мен 32-баптан тұрады.  

Биыл сәуір айында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аталған заң жобасын іске асыру үшін 2022-2024 жылдарға 25,5 млрд теңге мөлшеріндегі шығындарды жабуға қаражат мақұлданғанын айтқан болатын. Ол салалық қызметкерлерді әлеуметтік қлорғауды, мемлекеттік зертханалық базаны қосымша жабдықтау, биоқауіпсіздік саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені құру мен жүргізуді, микроорганизмдердің коллекциясын ұстауға бағытталады. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды