Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен табын қойды жапырып өтті. 32 қой өлген

Сурет: pixabay
20 мамырда Алматы облысындағы Ақсай – Шонжы – Қалжат тас жолының 55-ші шақырымында, Ұйғыр ауданында жол апаты орын алды. Талғардың 25 жастағы тұрғыны көлігімен табын қойды жапырып өткен. Ол ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға орнынан 32 қой өлі табылды.

Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, Toyota Land Cruiser жүргізушісі мас болған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ӘҚБК-нің 608 және 610-баптарында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды. Тәртіп бұзушы ұсталып, қамауға алынды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды